Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

мораторий

Мемлекет басшысы елімізде кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін қажетті жағдай жасау жөніндегі түбегейлі шаралар туралы мәлімдеме жасады.

Екінші сәуірден бастап  2015 жылдың 1  қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялағанын мәлімдеген Президент «Мен қазақстандықтардың бизнес жүргізуі үшін қажетті жағдайды одан әрі жақсарта түсу мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырдым»  дейді.

Бұдан былай тексерістерді айқындаудың объективті, әлемдік стандарттарға сай жүйесі әзірленеді. Осы жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шын мәнінде тек заң талаптарын бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлерге ғана тексеріс жүргізіледі екен. Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлде бармауға міндетті. Ол үшін Үкімет тексеріс жүргізудің барлық тәртібін қайта қарауы қажет.

Мәлімдеме соңында Елбасы кәсіпкерлікті дамыту  «Қазақстан – 2050 » стратегиясының негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталады. «Менің Жарлығымның жүзеге асуы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті жағдайды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл – бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандық үшін нақты көмек. Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын ұдайы жақсартып отыру жайы әрқашан мемлекеттің басты назарында болады. Бұл – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолындағы тағы бір маңызды қадам»  деді Президент.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button