Елорда тынысы

Кәсіпкерлерге грант беріледі

Елордада 1-15 сәуір аралы­ғында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдайды.

[smartslider3 slider=2418]

Өз қызметін экономиканың басым секторларының шеңберінде жүзеге асыратын, гранттық іріктеуге құжаттарын толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер қатыса алады.

Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге арналған қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Қосымша сұрақтар бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 556921, 556916, 556903 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге арналған қолданыс­тағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары:

1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 пайызы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті емес) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен);

2) жаңа жұмыс орындарын құру;

3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы талап.

Кәсіпкерлер жаңа бизнес-­идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсатқа пайдаланады:

1) тауарлар шығаруға немесе қызметтер көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технология сатып алу;

4) кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технология­ларды енгізумен байланысты шығыстар.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мына мақсатқа пайдалануға болмайды:

1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

2) жалдау ақысын төлеу ретінде;

3) үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қыз­меттерді алуға/жұмыстарды орындауға);

4) бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға болмайды.

Кәсіпкердің жаңа бизнес-­идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлікті сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы жүзеге асырылады.

Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы екі млн теңгеден бес млн теңгеге дейін құрайды.

Мынадай кәсіпкерлерге грант берілмейді:

1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылған;

2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып саналатын;

4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 пайызы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруын (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтiк осал топтарын қоспағанда);

5) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бо­йынша мерзімі өткен берешегі бар кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

2) Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);

3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 пайызы мөлшерінде бизнес-жоба­ны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда);

5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button