Қоғам

Кәсіпкерлерге сайлауалды бағдарлама таныстырылды

Үгіт-насихат науқаны аясында Nur Otan партиясы өкілдері кәсіпкерлермен кездесті.

«Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерімен кездесуде партиялықтар бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды. Бұл бағыттар азаматтарымыздың өмір сапасы жақсаруына септігін тигізеді. Сайлаушылар осыған қатысты өз ұсыныстарын айтты.
Бұдан бір күн бұрын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның отырысы өтті. Онда Құрылыс салушылар ассоциациясының басшысы, Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының кәсіпкерлік жөніндегі кеңес төрағасы Болат Омаров нақты істер мен нақты кадрлық және интеллектуалды ресурс Nur Otan партиясының айнымас бағыты екенін атап өтті.
– Бұл пікірді мен елдің басты партия­сының мүшесі болғандығымнан ғана айтып отырған жоқпын. Праймериз кезінде өздеріңіз анық көрдіңіздер, Nur Otan партиясы жаңарып, жасарды, білікті, тәжірибелі кадрлармен толықты. Бұрын Nur Otan-ды шенеуніктер партиясы деп атаса, қазір бұл партиядан қорқатын болды. Партиялықтар жұмыстардағы кемшіліктерді көрсетіп, аймақтар проблемаларын шешуге мұрындық болып отыр. Nur Otan партиясының органдары нақты ақпаратпен қаруланып, азаматтармен жұмыс істейді, бүкіл оқиғаларды сол орында жедел қарап, шешуге көмектеседі, жағдайды жақсартады, – деді ол.
Биыл Nur Otan партиясының депутаттық фракциясы қала тұрғындарының жағдайын жақсартуға септескен 40-тан астам мәселені көтергенін атап өту керек. Соның ішінде жартысынан көбі оң шешілді. Атап айтқанда, зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға газ құнының жарты бағасына өтемақы беруге қаулыны қабылдауға көмектесті. Фракция депутаттарының ұсынысымен қалада білім және денсаулық сақтау нысандарын газ тарату желілеріне қосу үдерісі басталды. Жыл соңына дейін 15 нысанды қосу жоспарланып отыр. 6 нысан келесі жылы қосылады. Бұған қоса, «Пригородный» тұрғын алабын абаттандыруға қаржы бөлу мәселесі көтерілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды ертіп жүретін ата-аналарға жеңілдікпен жол жүру мәселесі шешілді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button