Экономика

Кәсiпкерлiктi бастауға көмектеседi


«Соңғы уақытта заман ағымына қарай қарқын алып, ақпараттық технология дамыған сайын қолданысқа жаңа терминдер ене бастады. Сондай айналысқа түскен жаңа сөздердiң бiрi – «бизнес-инкубатор» деп аталады. Түсiнгенiм, мұның кәсiпкерлiк саласына қатысы бар. Жалпы, технологиялық бизнес инкубациялау дегенiмiз не? Осы сұрағыма жауап берсеңiздер деп едiм…» Бұл – бiздiң редакциямызға жолдаған Жұлдыз есiмдi оқырманымыздың сауалы. Бiз өз тарапымыздан осы сұраққа жауап iздеп «Астана Innovations» АҚ-на бас сұқтық.
Себебi, оқырман сауалы жауа¬бының осы құрылымға тiкелей қатысы бар. Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауында индус¬трия-лық-инновациялық даму шеңбе¬рiндегi жобалардың әлеуметтiк маңызы шексiз екенiн айтқанын, жалпы шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетiлiп отырған қолдаудың қомақты болып отырғанын айтуға тиiспiз. Бизнеске көрсетiп отырған көп қолдаудың бiрiн дәл осы – «Ас¬тана Innovations» АҚ жүзеге асырады. Дәлiрек айтсақ, меке¬менiң жанында технологиялық бизнес-инкубатор жұмыс iстейдi.
Бизнес-инкубатор – шағын инновациялық фирмалардың тиiмдi қызметi мен оларға жақсы жағдай жасайтын мамандан¬дырылған құрылым. Онда азамат¬тарға инновацияға негiзделген бизнес ашу мен оны жүргiзуге ақыл-кеңес берiледi, компания мен клиентке қарым-қатынас жасап, бизнес-қызмет саласында кәсiби кеңес бередi. Сондай-ақ, көмек оқыту, семинар-тренингтер ар¬қылы адами ресурстарды басқару, әлеуеттi инвесторлармен қарым-қатынас орнату, тiптi кеңселiк инфрақұрылымды ұйымдастыру сынды басқа да қолдау түрлерiн көрсетедi. Қарапайым тiлмен айтсақ, бизнес-инкубатор иннова¬циялық бизнес ашамын дегендерге қажеттi жағдай жасап, көмек қолын созатын ашық алаң. Яғни, мұнда келген адам өзiнiң кәсiп¬керлiк бет-бейнесiн қалыптас¬тыруды үйренедi. Одан соң, нақты жобаларын ұсынып, мемлекеттiң қаржылық қолдауына ие бола алады. Ол – технологиялық бизнес инкубаторландыру деп аталады. Технологиялық бизнес инкуба¬торландыру – бұл шағын иннова¬циялық кәсiпорындарды қолдауға арналған үрдiс. Бұл үрдiс жаңа ғылымды қажет етедi және инно-вациялық пәрмендi компаниялар құруды көздейдi. Тап осы жерде технологиялық бизнес-инку¬бациялауға тапсырыстар қабыл¬данады. Түсiнiктi тiлмен айтсақ, мұнда инновациялық жобалар қабылданып, сараптау кеңесiне жiберiледi. Кеңес мақұлдаған жобаға ғана қаржылық қолдау көрсетiледi. Өткен жылы 32 тапсырыс қабылданып, оның 5-еуi нақты қолдауға ие болған. Олар – энергетика, энергия үнем¬деу, «ақылды лифт» жобалары.
«Астана Innovations» АҚ бас менеджерi, дивизион жетекшiсi Қанат Ысқақовтың айтуынша, әр бейсенбi сайын онда келушiлерге семинар өткiзiледi. Оған елiмiздiң, одан қалса шетелдiң жоғарғы оқу орындарында дәрiс беретiн оқытушылар мен белгiлi IT-маман¬дары арнайы шақыртылып, со¬лардың қатысуымен семинар ұйымдастырылады.
– Келемiн деушiлерге есiк ашық. Ол студент бола ма, кәсiпкер бола ма, оған шектеу жоқ. Сондай-ақ, жобаларға да салалық шектеу қойылмайды. Ең бастысы, техно¬логия мен ииновацияға негiзделуi шарт, – дейдi Қанат Ысқақов.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button