Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті қолдау – ортақ мақсат

«Нұр Отан» партиясы Астана қалық филиалында партия мен қалалық кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара жүйелік қарым қарым-қатынасты ұйымдастыруға, отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттігін арттыру, кәсіпкерлік бастамаларға құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдай жасауға бағытталған іс-шара өтті.

00

– Елордадағы шағын және орта бизнесті дамыту қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жобалар жүзеге асырылып, оның оң нәтижесі жемісін беруде. Осы бағыттағы мемлекеттік саясатты іске асыруда өзіндік үлесіміз бар. Сол себепті бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы мен Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы арасында меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс істеу әдістерін айқындамақпыз. Ондағы мақсатымыз – кәсіп басында жүрген­дерге қолайлы орта жасап, оны дамыту арқылы ел экономикасындағы басымдылыққа қол жеткізуге қолдау көрсету, – деді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков.
Қаладағы кәсіпкерліктің даму үдерісіне тоқталып өтсек, ағымдағы жарты жылдықта 129 643 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімдегі кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға көбейгенін көрсетеді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 145,5 млрд теңгеге құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 43,2 млрд теңгеге артқан. Сауда саласына құйылған инвестициялар өткен жылы 16,6 млрд теңгені құрады. 2011 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 3 есеге көбейгенін көрсетеді. Қалада 25 сауда базары, 8 сауда-ойын сауық орталығы, 13 сау-да желісі, 4000 дүкен жұмыс істейді. 197 мыңнан астам адам осы салада еңбек етіп жүр.
Қала бизнес қауымдастығының дамуында мемлекеттік бағдар­лама­лардың да айтарлықтай орны бар. «Бизнестің жол картасы – 2020» бойынша осы күнге дейін 61 жоба, Астана қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті аймақтық қар­жы­­ландыру бағдарламасымен 1 547,8  млн теңгені құрайтын 14 жоба мақұлданған. Жастар кәсіпкерлігі екпін алып келеді, осы бағытта 43 жоба қолдау көрсетіліп, жүзеге асырылуда.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button