Sport

КАТАРДЫҢ ҰЛДАРЫ, ФРАНЦУЗДЫҢ ҚЫЗДАРЫ

Катардың ұлдары, француздың қыздары Астанада стритболдан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.  

Көше баскетболының көрігін қыздырған әлем біріншілігіне төрткүл дүниенің отыз елінен спортшылар қатысты. Ерлер және әйелдер арасында өткен жарыста 40 команда бақ сынады.
Ширек финалға ерлер арасында Словения-Бразилия, Италия-Грузия, Аргентина-Катар және Жаңа Зеландия-Уругвай командалары шыққан еді. Ал осылардың арасынан жартылай финалға Бразилия мен Италия, Катар және Жаңа Зеландия құрамалары өтті. Катар жаңазеландиялық команданы айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алса, екінші жартылай финалда Италия командасын бір-ақ ұпай басымдықпен жеңіп шықты.
Финалда катарлық жігіттер Бразилия спортшыларынан айласын асырса, қола жүлде үшін болған ойында Италия құрамасы жеңіске жетті.
Әлем чемпионы атанған Катар құ­рамасы Қазақстан командасын ши­рек финалға шығармай қойған еді.
Әйелдер арасындағы ойындар да тартысты өтті. Ширек финалда Венгрия-Испания, Франция-Нидерланды, АҚШ-Қытай, Жаңа Зеландия-Чехия құрамалары кез­десті. Жартылай финалға Испания, Франция, АҚШ және Чехия командалары өтті. АҚШ құра­­масы турнирдің сөзсіз фаво­рит­­тері атанып, финалға шықты.
Ис­пания-Франция коман­­да­­лары арасындағы жекпе-жек бір ұпай айырма­шы­лықпен француздардың пай­­­да­сына шешілді. Франция мен АҚШ командаларының ақтық кез­десуінде француз спорт­шылары 21-12 есебімен жеңіп шықты. Үшінші орын үшін болған ойында испан­дықтар Чехия командасынан басым түсті.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button