Жаңалықтар

КЕДЕН БЕКЕТІНДЕГІ КЕДЕРГІСІЗ ҚЫЗМЕТ

img_69921-1024x682-2

Астана әуежайында елорда арқы­лы жүк тасымалдау инфра­құрылымы дамытылады. Өткен бейсенбі күні сол мақсатта әуежайда жүктер мен тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кеден бекетінің ғимараты пайдалануға берілді. 

Осыған байланысты «Астана ха­­­лық­­­­­­­­­­а­ра­­лық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Паоло Ричиотти мен «Әуежай-Астана» кеден бекетінің басшысы Асқар Бек­бергеновтің қатысуымен баспасөз мәсли­­хаты ұйымдастырылды. Онда әуе­жай бас­шылығы жаңа ғимараттың қызметі жайлы жан-жақты ақпаратпен таныс­тырды.
А. Бекбергеновтің айтуынша, жалпы ауданы 270 шаршы метрді алатын кеден бекеті астаналық әуежайда кедендік ресімдеуді оңайлату мақсатында ашылған. Атап айтсақ, бекетте электрондық кезек қызметі енгізілген. Бұл қызмет түрі арқылы жүгін немесе тауарын ресім­деймін деген адам ұзын-сонар кезекте тұрмай, жұмысын тезірек бітіре алады. Сондай-ақ, ре­сеп­шн аумағында клиент­тердің сұрақ­тарына жа­уап бере­тін кеңесшілер жұмыс істейді. Кеден бекетінде клиенттерге кедергісіз қызмет көрсетуге арналған «open space» жүйесі де орнатылған.
Кеден бекеті ғима­ратының ашылуы жүк инфрақұрылымын дамыту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі болып саналады. Әуежайдың алдағы жоспарларына жүк тасымалдауды ілгерілету үшін жаңа кеңсе мен қоймаларды салу, жүк терминалы қызметін барша тұтынушыларға қолжетімді ету жұмыстары енгізілген.
Келесі қадам ретінде тексеру-өткізу бекетін жүк терминалы ғимаратының артына көшіру көзделген. Бұл жос­пар жүзеге асқан жағдайда, жүк терминалының қызметі клиенттерге еш кедергісіз атқа­рылады.
Бұған қоса, деректерді өңдеу мен ке­ден­дік құжат айналымы мәселелерінде тұтынушылардың Астана әуежайымен қарым-қатынасы жеңілдетіледі.
«ЭКСПО-2017» халықаралық маман­дандырылған көрмесі қарсаңында Аста­­на әуежайындағы жүк тасымалдау инфрақұрылымын дамыту маңызды жұмыстардың қатарына кіріп отыр. Әуе­жай басшылығының сөзінше, Орталық Азияда ірі хабты құру мақсатында әуежайда жүк инфрақұрылымын да, жолаушылар инфрақұрылымын да дамыту жұмысы жалғасады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button