#Жаңа Қазақстан

Кеденде кедергі көп

ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттары, «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Алматыдағы сайлаушылармен кездесті.

Қазір Қытайға жүк көлігімен тауар тасушылар үлкен тосқауылға ұшырап, жұмысы кері кетуде. Қорғас, Бақты, Майқапшағай, Нұрлы жол кедендерінде шетелге көлік кіргізуді электронды кезек арқылы жасап қойған. Бар мәселе осы электронды кезектен туындап отыр. Қаптаған кезектің шеті-шегі көрінбейді. Қазақстандық жүргізушілер кезегін айлап күтеді. Ал Ресей мен Белоруссияның қуатты логистикалық компаниялары жүргізушілері кезексіз кіріп-шыға береді, оларға тосқауыл жоқ.

– Әрқайсымызда әрі кетсе 5-6 жүк көліктен бар, сондықтан Ресей, Белоруссия компанияларымен бәсекелесе алмаймыз. Қазір кезекте тұрғанымызға екі-үш айдан асып кетті. Өткенде менің кезегім 14 ақпанда еді, енді ол екі айға кейін шегеріліп отыр. Шетел компаниялары 100 мың теңге беріп, кезегін алға жылжытып жатқаны көп, қайдағы электронды кезек бұл?! Босқа тұрған әр күн үшін әр машинадан 100 доллар ұсталады. Шығынымыз қазір миллионнан асып кетті. Бұл тығырықтан шығу үшін пандемия кезінде енгізілген электронды кезекті алып тастап, жанды кезекке ауысу керек немесе 4 кеден бекетіне де кезекке тұра беруге рұқсат берілуі тиіс. Ал қазір бір кеден бекетінде кезекке тұрсаң, қалған үш кеден бекетіне кезекке тұра алмайсың. Қаңтарылып, айлар бойы кезек күтесің, – дейді қазақстандық көлік иелері.

Шетелден тауар алып келетін көлігіміз кеденде айлап кезек күтіп, кептелісте тұрған соң, азық-түлік пен түрлі тауарымыз қымбаттамағанда қайтеді?! Сондықтан «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев арызданушылар шағымына байланысты бұл мәселені тиісті орындарға жеткізіп, шешілу жолын қарастыратын болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button