Жаңалықтар

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» МҮМКІНДІКТЕРІ

кедергисиз келешек

«Нұр Отан» партиясының мүмкіндігі шектеулі жандардың оқшау өміріне өзгеріс әкеліп, олардың белсенділігін арттыруға серпіліс берген «Кедергісіз келешек» жобасы қанат қақты.

Ол негізінен мүгедектерді тұрақты жұмысқа тұрғызу, мүмкіндігі шек­теулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау, қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған ақпараттандыру жұмысын күшейту, мүгедектер құқығы аяқасты болмайтынын құқықтық алаң құруды көздейтін негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бұл күнде «Нұр Отанның» алғашқы партиялық ұйымдары құрылған мекемелерде 14,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек етеді. Алдағы уақытта ондағы мүгедектердің санын белгіленген 3% квотаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік және көлік инфра­құрылымдардың 83 пайызға (15,5 мың) жуығы мүгедектерге қолайлы емес екені анықталды. «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиал­дары ол жақтағы нысандарды құжаттау мен бейімдеу мони­торингі жұмысын бастап кетті. Елімізде тұрып жатқан 630 мыңға жуық мүгедектің еңбекке жарамды жастағыларының саны 405 мың екен. Олардың 20 пайызынан астамы ғана, яғни 83 мыңы жұмыспен қамтылған. Ал 17 мың мүгедектің жұмыс істеуге ынтасы бар.

 

Айгүл УАЙСОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button