ӘлеуметЖаңалықтар

Кедергісіз орта қалыптастырады

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы жүзеге асырылуда.
Nur Otan партиясының «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту, соның ішінде пандустармен, бейімделген лифтілермен, дәретханалармен, зағип жандарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

[smartslider3 slider=446]

Бүгінде елордада ерекше қажеттіліктері бар 30 мыңға жуық адам тұрады, олардың 7 мыңнан астамы – 18 жасқа дейінгі балалар. Олар үшін қалада бірқатар қолдау және жан-жақты көмек көрсету шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, олар үшін кедергісіз орта құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Мәселен, 2021 жылы 260-қа жуық денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, шағын және орта бизнес нысаны, мемлекеттік мекеме, ХҚКО, Қазпошта филиалдары, әуежай және вокзал мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін барлық қажетті заттармен толық жабдықтауды жоспарлап отыр. Олардың 157-сі бейімделсе, тағы 102 – сі ішінара, бұл нысандардың меншік иелері ескертулерді жою бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, аудан әкімдіктерінің жұмыс топтары паспорттау мен бейімдеуге жататын әлеуметтік маңызы бар нысандардың тізімін жасады. Бүгінде 259 нысан паспортталды.
Қаланың паспортталған және бейімделген объектілері туралы барлық ақпарат «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» (inva.gov.kz) бөлімінде жарияланатынын атап өту қажет.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 6 оңалту және әлеуметтік орталық жұмыс істейді, олар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетеді.
Мысалы, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы 20 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Бүгінде орталықтан 80-нен астам адам көмек пен қолдау алады.
Мекеменің күндізгі бөлімі 180 төсек-орынға, түнгі бөлімі 50 төсек-орынға есептелген. Орталықта әлеуметтік-тұрмыс­тық, заңгерлік, психологиялық, экономикалық, мәдени-еңбек қызметтері көрсетіледі. Сондай-ақ мамандар құжаттарды қалпына келтіруге, қарттар үйіне және мүгедектікке рәсімдеуге көмектеседі. Қызмет алушылар орталықта 1 айдан 1 жылға дейін бола алады.
Көктал тұрғын алабында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  мүгедек жандардың және зейнеткерлік жасқа толған, өз бетінше қыз­мет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайы бойынша көмекке мұқтаж адамдардың стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Орталық мамандары сондай-ақ мүгедек балаларға үйде күтім көрсету жағдайында және өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін ішінара жоғалтқан және бөгде адамның қолдауына мұқтаж қарт азаматтарға көмек көрсетеді.
«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында психоневрологиялық патологиясы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше балалар тұрады, оларға денсаулық жағдайы бойынша тәулік бойы күтім мен медициналық қызмет қажет.
Сондай-ақ елордада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін «Үміт» дағдарыс орталығы жұмыс істейді.
«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы психоневрологиялық аурулардан зардап шегетін, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж 18 жастан асқан адамдардың тәулік бойы және тұрақты тұруына арналған.
Азаматтарға жан-жақты көмекті «Жанұя» отбасы институтының орталығы мен елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынады. Мұнда кез келген адам заңгерлік, психологиялық кеңес ала алады, бизнес саласын меңгеруді үйренеді, «бір терезе» қағидаты бойынша Мемлекеттік қызметтерді алады, жұмысқа орналасады және тағы басқалар.
Елордада ерекше қажеттіліктері бар азаматтар бірқатар оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілген.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2021 жылы оңалту қызметтерімен 21 мыңнан астам адам қамтылды.
Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар «Инватакси» қызметін пайдалана алады, онда бүгінде арбамен жүргендерге, көзі көрмейтін адамдарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы жабдықталған 50 автомашина жұмыс істейді.
Осы жылдың басынан бастап тасымалдаумен 1 869 адам қамтылды, оның ішінде 803 бала.
Сонымен қатар, осы санаттағы адамдарға қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында тегін жол жүру, екі жылда бір рет тіс протездеу қызметтері ұсынылады.

[smartslider3 slider=446]

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін білікті қызметкерлері бар екі заманауи спорт кешені бар.
Оның біріншісі – Ақшоқы көшесі, 2 мекенжайында орналасқан паралимпиадалық жаттығу орталығы. Орталық мүгедек жандарға толықтай бейімделген. Ішінде жаттығу залы, жекпе-жек залы және көпфункционалды ойын залы бар. Олар парапауэрлифтинг, парадзюдо, паратаэквондо, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлері, отырып волейбол ойнау, голбол, бочча, арбамен билеу сияқты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.
Екінші нысан – «Тарлан» мұз аренасы (Тұран даңғылы, 5/1). Мұнда қалалық хоккей және следж-хоккей командалары айналысады, мүмкіндігі шектеулі адамдар, олардың туыстары мен достары үшін жаппай сырғанау өткізіледі.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button