Жаңалықтар

КЕЙБІР АВТОБУСТЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ

0e412559e8e74501e8e7ba05adb

21 құркүйектен бастап №38 бағдар №58 бағдардың қозғалыс сызбасымен жүре бастады. Яғни, «Шарын» базарынан «Бастау» тұрғын кешеніне дейін қатынайды.

Оған қоса, №14 және №64 бағдарларының жүрісі уақытша өзгерді. Бұған Абай даңғылының Пушкин көшесінен Жұбанов көшесіне дейінгі бөлігінде жүріп жатқан жол жөндеу жұ­мыстары себеп болып отыр. Осылайша, №14, 64 бағдарлар айналма жолмен жүреді: Кенесары көшесі – Жұбанов көшесі – Абай даңғылы. Одан әрі бұрынғы бағыт бойынша қозғалады. Кері бағытта бекітілген сызба бойынша Абай даңғылымен жүреді. Бұрынғы қозғалыс сызбасы жол жөндеу жұмыс­тары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келеді.

Сонымен қатар, Қарталы көшесінің Қарасай батыр көшесінен Конституция көшесіне дейінгі бөлігі 20 қыркүйектен 5 қазанға дейін жартылай жабылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button