Қоғам

“Кел, шәй ішейік!”

Астанада коммуналдық қызметкерлерді қолдау мақсатында «Кел, шәй ішейік» ізгілік акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Нұра» ауданы әкімдігі мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілерінің ұйымдастыруымен «Кел, шәй ішейік» акциясы өтті.

Еріктілер коммуналдық қызметкерлерге «Бухарест» саябағының аумағын қардан тазартуға көмектесіп, оларға ыстық шай мен дәмді тағам ұсынды. Коммуналдық қызметкерлер жылы лебіздерін танытып, өзара қолдау атмосферасын қалыптастырды.

«Жақсы дәстүрге айналған іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Мұндай бастамалар коммуналдық қызметкерлер еңбегінің маңыздылығын айқындап, әлеуметтік бірлікті нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button