#Жаңа Қазақстан

Келелі мәселелер көтерілді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері үгіт-насихат жұмыс­тарын жалғастыруда. Партия мүшелері елордадағы «Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Жиында ұжым еңбеккерлері қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді көтерді. Өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Алаңдатқан сұрақтарын қойып, жауап алды. Шара барысында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Жалпы партия белсенділері бүгінге дейін 300-ге жуық іс-шара өткізген.

Осыдан бұрын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) барлық қазақстандар үшін тегін жоғары білім енгізуді ұсынған болатын. Бұл білімді азаматтарымыз­дың шетел асуына кедергі болып, кәсіби мамандардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді деп санайтындарын жеткізген еді.

ЖСДП-ның бағдарламасында тегін жоғары білім қажеттілігі атап өтілген. Статистикаға сүйенер болсақ, жыл сайын қазақстандық мектептерден түлеп ұшатын оқушылардың 60 мыңы шетелге оқуға түседі. Оған бірнеше себеп бар: білім сапасына кері әсерін тигізетін орта және жоғары білім беру мекемелеріндегі жемқорлық және ҚР-дағы тым қымбат білім ақысы. Шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Партия мүшелерінің пікірінше, Қазақстандағы қымбат ЖОО-ларда олигархтардың балалары ғана білім алады. Екінің бірі түсе алмайтын «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» түлектері де әдетте шетелдік жоғары оқу орындарын таңдайды. «Соңғы жылдары көптеген білікті мамандарымыз елден кетуде. Мемлекеттік тілге де жеткілікті көңіл бөлінбеуде. Биліктегілер мемлекеттік тілді насихаттауға қауқарсыз, не мұны расымен қаламайды» деп атап өтті депутаттыққа кандидат Мақсұт Насибулов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button