#Жолдау-2022

Келешекке сеніммен қараймыз

16 наурызда біздің ­Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз Жолдауын жолдады. Бұл қаңтар оқиғасынан кейінгі жолданған Жолдау болғандықтан, шешуі табылмаған көп мәселелерге жауап берілді деп айтуға болады.

[smartslider3 slider=2631]

Дегенмен қаңтар оқиғасының әлі де болса көлеңке жақтары бар. Себебі еліміздің тәуелсіздігіне қарсы дүрбелең бір қалада емес, бірнеше қалада ұйымдастырылған. Әлі де сұрақтар көп. Қаншама курсанттар жарақаттанды. Кінәлі адамдар жазаларын тартуы керек. Перзенттері жер жастанған аналардың ұлдарын ешкім қайтарып бермейді. Дегенмен соған кінәлі адамдардың әрқайсысы өз жазаларын алуы тиіс.

 Он тармақтан тұратын жолдауды іске асыру керек. Әр тармақ бірнеше бағытқа кетеді. Егер соның бәрін іс жүзіне асырсақ, біздің қазақ елі демократияланған, бай қуатты елге айналады. Ол үшін озық ойлы, жақсы мамандар қажет. Жақсы мамандарды дайындайтын, ұстаздары мықты, университеттер қажет. Ғылым саласын алға өрлететіндей құжаттар дайындалуы керек. Басқа салаларды қайдам, ғылым саласын алға өрлету қажет. Көптеген құжаттар ескірген. Көктемгі егіске дайындықты бастау. Өмірдің қай саласы болсын алға дамыту. Айта берсек, айтылатын мәселелер көп. Барлық бағыттағы мәселелерді шешуге болады, егер де еліміз жұмыла кіріссе, бітпейтін шаруа жоқ.

Қоғамды демократияландыру – бұл жаңа өмірге аяқ басу. Жолдауда «Күшті ­Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, Президентіміз Amanat партиясының төрағалығынан бас тартты. Бұл – өте орынды қадам.

Билік тармағын қайта құру. Бұл жерде Президенттің өкілеттігін қысқарта отырып, Парламенттің рөлін арттыру. Осыған байланысты Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құру – өте дұрыс шешім. Бұл Мәжілістің мәртебесін арттырады, әрі Мәжіліс депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның төрағасын жылына екі рет тыңдай отырып, талқылап, сұрақ қойып, өз ойларын айтып, бағыт беріп отырады. Осындай жағдайда республикалық бюджет сапалы орындалады. Республикалық бюджеттің сапалы орындалуы халықтың жағдайын жақсартуға үлкен әсерін тигізеді.

Сайлау жүйесін жақсарту. Өкінішке қарай, көп адамдар кейбір депутаттарды танымайды, білмейді. Сондықтан халық қалаулылары халқына еңбек ететіндей, өз жеке басын ғана ойламай, көпшілікті ойлайтын адамдар болуы керек. Қазақстанда ондай адамдар жеткілікті. Демократия деген сөздің өзі – халық қалаулыларының елін, халқын басқаруы. Ал бізде соңғы жылдары парламент кейбір қалталылардың отыратын орнына айналды. Сондықтан Конституциялық соттың құрылғаны өте дұрыс. Сонымен қатар, Алқабилер сот төрелігінің болуы қоғамымызға көп көмегін берер еді. Біздің ата-бабаларымыз көреген болған ғой. Қазақ халқы үлкенін сыйлап құрметтеген. Шын мәнісінде бұл жүйе халықтың сенімін арттыруға жол ашады.

– Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту. Шын мәнісінде ақпарат құралдарының атқарып жатқан істері ұшан-теңіз. Халықтың әлеуметтік жағдайын елімізге жеткізіп жатқандарына дән ризамыз. Ал азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Әсіресе Ұлттық құрылтай аты дардай болып, атқарған еңбектері мардымсыз болса, халықтың сенімінен шыға алмайды. Сондықтан Ұлттық құрылтай құрамында халқының қамын ойлайтын, болашағын болжайтын азаматтар болуы керек.

– Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру. Бұл мәселенің уақытында қолға алынғаны өте дұрыс шешімін тапты. Абай облысы – орталығы Семей қаласы, Жетісу облысы – орталығы Талдықорған қаласы, Ұлытау облысы – орталығы Жезқазған қаласы болды. Ал Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласы. Халықтың қуанышында шек жоқ. Бұл ретте Президентке алғыстарын жаудырып жатыр.

Менің ойымша, іштегі жағдайларды жақсартуға болады, ең қиыны – сыртқа алып кеткен қаржыларды қайтару. Ол қаржылар – біздің еліміздің қаржылары. Бірақ оны түсініп, қайтарып жатқан адамдарды көрмей тұрмыз. Қазақстанға қаржы өте керек. Адамзат дене мен рухтан жаралған. Денесіз рух, рухсыз дене жоқ. Кейбіреулер дүниенің қызығына салынып, рухты аяққа басып жүр. Олар өз бастарының ғана қамын ойлап, қоғам дегенді түсінгісі келмейді. Түсінсе де, патриоттық рухтан жұрдай адамдар.

Дүниеге жалпы түрде қарағанда, біз материя мен рухты ғана сезінеміз. Бұл екеуі бір-біріне контрарлы, қарсы, бірақ бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Егер осы екеуінің қайсысы дүниенің негізінде жатыр десек, жауап беру қиын. Адам – Құдай емес, ол – кеңістік пен уақытқа шектелген пенде, ал дүние – шексіз. Сондықтан, материя мен рухты бір-біріне қарсы қоймай, бірге жетілдіру, үндестікке жеткізу керек. Тек сонда ғана адам өмірінің жан-жақтылығын, бақытты өмір сүруін қамтамасыз ете алады.

Болашаққа қанат жайған  «Жаңа Қазақстанымыз» қанаты талмай көкке өрлеп, шарықтай берсін. Соған бәріміз үлесімізді қосып, куә болайық.

Қанапия ҒАБДУЛЛИНА, социология ғылымдарының докторы, ­Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры:

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button