Жаңалықтар

КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шы­нықтыру істері агенттігі мен республикалық Мәдениет, спорт және ақпарат кәсіподағының салалық келісімге қол қою рәсімі өтті. 

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев, республикалық Мәдениет, спорт және ақ­парат қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрайымы Свет­лана Иманқұлова, Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Феде­ра­циясының Астана қаласы кәсіподақтары Кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев және кәсіподақ активтері қатысты.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес 2013-2016 жылдарға арналған салалық келісім спорт және дене шынықтыру істері еңбек ұжымдары мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, шығармашылық мүдделері мен құқығын қорғайтын болады. Сондай-ақ, тараптар әлеуметтік әріптестікті жақсартуға, спорт және дене шынықтыру саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге, міндеттемелерді уақытылы және толыққанды орындауға қол жеткізуге келісті.

Аталған келісімнің негізгі ережелері спорт және дене шынықтыру ұйымдарында жасалатын ұжымдық шарттарды келісімдерге кіргізу үшін міндетті болып табылады.

Алтынай БАЙДАҚОВА,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің 2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button