#Жаңа Қазақстан

Кемел келешекті көздеген

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын және олардың орындалуын, жалпы алғанда, жүйелі дамудың, ықтимал дағдарыс құбылыстарын еңсерудің, халықтың әл-ауқаты жақсаруының кепілі дей аламыз.

[smartslider3 slider=2626]

Биылғы Жолдаудың негізгі ерекшелігі – бұл құжатта көтерілген мәселелер мен міндеттердің орындалуы бір жылға емес, алдымыздағы бірнеше жылға арналған, яғни олар перспективалық маңызы бар қадамдарды қамтиды. Енді сол міндеттердің кейбіреуіне тоқтала кетейік.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары тәуелсіз Қазақстан тарихында аса елеулі оқиғалар болып орын алады. Оларда қойылған міндеттер негізді, терең сабақтас және мемлекетімізді жаңа деңгейде тұтастай дамытуға бағытталған әрі жүйелі мақсаттылығымен ерекшеленеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Президент, Парламент және Үкіметтің қоғам алдындағы рөлі мен міндетіне қатысты жаңа қағидаттың басшылыққа алынатынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «қаңтар трагедиясына» қатысты объективті пікірін білдірді. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауына еліміздің саяси және құқықтық жүйесін реформалау бойынша басқа да бірнеше ұсынысын жария етті. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген идеялар мен қойылған міндеттерді толық қолдай отырып, алдағы уақытта оларды насихаттауға біз белсене қатысуымыз қажет деген пікірімді білдіремін.

Талғатбек ӘМИНОВ,

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері,

т. ғ. к., профессор

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button