Мәдениет

Кемел тұлға келбеті

Астанада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева­ның құттықтау хаты оқылды.

«Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмірі тек жазушылықпен шектелмейді. Ол – мемлекетшіл қайраткер, ел болашағына адал қызмет еткен саясаткер, парасаттылық пен жауапкершіліктің символы. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушылардың қатарында тұрып, ол өз бойындағы асқақ рух пен терең білімді ел игілігі үшін сарп етті. Әбіш Кекілбаев бізге болмысы биік тұлғаның қандай болуы керектігін көрсетті. Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік. Ендігі міндет – осы мұраны сақтап, дамыту, Әбіш әлемін жаңа заманмен үйлестіру» делінген құттықтау хатта.

Халықаралық форум аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының қолжазбалары, публицистикалық мақалалары, кітаптарынан 150-ге жуық еңбек, шығармашылық жолын бейнелейтін 20-дан астам фотосурет қойылды. Қаламгердің «Дәурен кешкен» кітабының және түрік тіліне аударылған «Kuy» кітабының таныстырылымы өтті. Форум соңында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық театры Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесінің желісімен қойылған спектакльді сахналады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button