Жаңалықтар

КЕМШІЛІКТЕР ҚАДАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ЖОЙЫЛАДЫ

Тұрғын үй инспекциясы басқармасы – құрылғанына онша көп уақыт өте қоймаған жаңа мекеме.  Ол тұрғын үй қоры мен көп пәтерлі үй және аула аумақтарындағы пәтер иелерінің ортақ меншігін маусымдық пайдалануға қатысты шаралар жүргізуге, тұрғын үйлердегі энергия және су ресурстарын реттеуге, бақылау, есептеу құрылғыларының жай-күйіне мемлекеттік бақылау жасайды. Біз осы тұрғыда басқарма басшысының міндетін атқарушы  Рустам Бегалиновты әңгімеге тарттық.

 

– Атқарылған жұмыстарға тоқталса­ңыз.

-Бірінші кезекте қаладағы үйлердің са­ны мен оған қызмет көрсетуші ұйымдар анық­талды. Астана қаласында барлығы 2231 көп­қабатты үй бар деп есептеледі. Осы үйлерді жабдықтауды 363 ұйым мін­­де­­тіне алып отыр. Айту керек, 24 үй пай­­да­лануға бірінші жарты жылдықта беріл­се, екінші жарты жылдықта 21 тұр­ғын үй­ге ие­ле­рін уақытында қоныстанды­ру жоспарланған.
Мәселен, көп қабатты үйлерге Алматы ауданында 103 пәтер иесі кооперативі, 26 ЖШС, 18 жеке кәсіпкер және басқа да ұйымдар, Сарыарқа ауданында 86 пәтер иесі кооперативі, 1 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 26 ЖШС, 9 бастамашыл топ, Есіл ауданында 19 пәтер иесі кооперативі, 24 ЖШС, 4 жеке кәсіпкер, 1 акционерлік қоғам қызмет көрсетеді.
– Олардың жұмысы тұрғын үй инс­пек­циясының бақылауында шығар?


– ҚР «Мемлекеттік бақылау мен қада­ғалау туралы» заңына сәйкес басқарма 2012 жылы пәтер иелері кооперативіне 33 кезектен тыс тексеру жүргізді. Нәти­жесінде, орын алған кемшіліктерді жою жөнінде 30 ұйғарым шығарылды. 2013 жылы 14 кезектен тыс 25 жоспарлы тек­серіс белгіленсе, 30 тексеріс өтіп, 4 тексеру жұмысы әлі аяқталған жоқ. Осыған байланысты жіберілген қателіктерді жою үшін 26 ұйғарым жасалды.
Ал, 2013 жылдың екінші жарты жыл­дығына арналған жоспарлы тексе­ру кес­тесі бекітіліп, ол ҚР Бас прокурату­расы­ның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінде тіркелді.
– Кондоминиумға байланысты қан­дай жұмыстар жүргізілуде?


– 2012 жылы Тұрғын үй инспекциясы бас­қар­масы жеті тұрғын үй кондоминиумын алғаш рет тіркеді. Ал биыл кон­доминиумнің 16 нысаны тіркелді. Бұл бағыттағы жұмыстың қарқынды өркендемей тұрғаны, пәтер иелерінің онша мән бермеуі мен жер телімдеріне қажетті актілер жасалмағандығынан болып отыр. Қазір нақты жұмыстар жүр­гі­зілуде.
Іс-шаралар аясында үйлерге жылу есептегіш құрылғылар орнатуға байланысты тұрғындармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары «Астана Жылутранзит» АҚ-ға жіберілді. Жылу маусымы басталғанша 400 жылу есептегіш құрылғы орнатылған еді. Енді 519 құрылғыны жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарлануда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button