Шаһар шаруашылығы

Кеңес беретін орталық ашылды

Елордада меншік иелері бірлестігіне көшу бойынша тұрғындарға кеңес беретін орталық ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Дархан Құлбаев мәлім етті.

[smartslider3 slider=1225]

«Бүгінде елорда халқына ыңғайлы болу үшін тұрғын үй мәселелеріне қатысты бір жерден мемлекеттік органға жүгінуге мүмкіндік беретін тұрғын үй орталығы құрылды. Орталық мамандары ай сайын 350-ге жуық меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша кеңес береді. Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы басқармасы, аудан әкімдігі аппараттарының қызметкерлері және белсенді елорда тұрғындарынан құралған мобильді топ ұйымдастырылды. Мақсат – тұрғын үйді басқару және дамытуға қатысты халық арасында түсіндіру жұмысын өткізу, кеңес беру. Сонымен қатар меншік иелері бірлестігін құруда қолдау көрсету. Бекітілген кестеге сәйкес төрт аудан бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүріп тұр» деді Дархан Құлбаев елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, астаналықтарға жиналыс барысында тұрғын үй заңнамасының нормалары да түсіндіріледі. «Меншік иелері бірлестігіне көшу бойынша тұрғындарға кеңес беретін орталық ашылды. Ашылған сәттен бастап орталыққа тұрғындардан 4500-ден астам өтініш келіп түсті. Сондай-ақ iKomek қызметі арқылы кеңес алуға болады. Бүгінде елордада 560 көппәтерлі тұрғын үйде 434 меншік иелері бірлестігі жұмыс істеп тұр» дейді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button