Мәдениет

КЕҢЕСТІҢ КӨРКЕМ БЕЛЕСІ

Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен елордадағы «Қазақстан» концерт залында көрнекті композитор Кеңес Дүйсекеевтің 70 жасқа толуына орай шы­ғармашылық кеш өтті.

6655d478272c178a16b86311e52f17a7

Өткен ақпан айында көрнекті композитор мерейлі 70 жасқа толды. Кеңес Дүйсекеевтің шығармалары халқымыздың табиғаты секілді қоңыр мінезді. Алып-ұшпасы жоқ, иірімі терең өзендер секілді тұнық ағады. Қазақ өнерінде өз биігі бар тұлғаның туындыларын жұртшылық сүйіп
тындайды. Ол кісі тек қана көп­ші­-
лікке кең танымал әндер ғана емес, сүйекті симфониялық шығар­ма­лар, романс­тар, кантатталар жазды. Бір ғана «Жалаңтөс батыр» сим­фониясының өзі ұлттық музы­каның бір белесі саналады.
Әрине, композиторды халыққа ке­ңірек танытқан оның ғажайып назға толы сазды әндері. Осы әндер арқылы бүгінде орта буын саналатын талантты әншілердің өнерде бағы жанды. Оның «Сәлем саған, туған ел», «Өмір, өмір», «Ғашықтар жыры», «Ойлан балам», «Қарағым-ай» атты шығармаларын халайық ерекше жақсы көреді. Осылардың барлығы сазды кеште орындалды.
Айтулы шарада, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Сембек Жұмағалиев, Майра Ілиясова секілді дүлдүлдер қатысып, өнер көрсетті. Сондай-ақ, бүгінгі таңда эстраданың жүйрік ақбозын ерттеп мініп жүрген бір топ дарынды жас әншілер де композитордың шығармаларын нақышына келтіре орындады. Қысқасы, елорда жұрт­шылығы талантты тұлғаның кешінен көктемнің «алтынкүрек» самалындай ғажайып әсерленіп қайтты десе болады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button