Сұхбат

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, «Бас редакторлар Клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті: Жауапкершілік сақтамағандар ар алдында жауап береді

30 қазан күні Қазақстан Журналис­тер одағы және Бас редакторлар клубының  бірлескен отырысын­да Қазақстан Республикасы журналисі­нің этикалық кодексі қабыл­дан­ған бо­ла­тын. Қалам иелері­нің қоғам­дық жауап­кер­шілігін арттыратын, әлеу­мет мүд­де­сіне залалын тигізбеуін қа­да­ға­лайтын құжат жөнін­де «Бас ре­дак­­торлар Клубы» ҚБ прези­ден­ті Кен­же­болат Жолдыбаймен тілдескен едік.

– Журналистің кәсібі мен бас­қа да жауапкершілігін қамтама­­сыз ететін кодекстің қабылда­нуы­на не түрткі болды?
– Кодекстің қабылдануы туралы мәселе бұған дейін де көтерілген.  Елбасының «Қазақстанның әлеу­мет­тік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында айтылған ұсы­ныстар негізінде  әзірленген эти­ка­лық кодекс бұған дейін елі­­міз­дің әр аймақтарында қызу тал­­қы­­­лан­ды. Аталмыш отырыс­та соң­­ғы рет сүзгі­ден өтіп, кейбір тар­мақ­­­та­ры­на өзге­ріс­тер енгізіл­ген­­­нен кейін бір ауыздан қабыл­дан­ды. Жур­налис­­тердің мораль­дық-эти­­­ка­­лық қағи­­дат­тары мен кәсі­­би қыз­­­ме­ті­нің нор­ма­ларын қалып­­­тас­­­ты­ру, жұрт­­шы­лық­тың журна­­лис­тер мен бұқ­аралық ақпа­рат құрал­дарына сені­мі мен құр­ме­ті артуына қол жет­кізу мұ­ра­ты ық­пал етті.
– Құжатта көрсетілген адал­дық, сенімділік пен шынайы­лық­ты қалам иелері қаншалық­­ты ұстанады деп ойлайсыз?
– Сөз – қару. Бұл қарудың артында қауіп бар. Сондықтан қалам ұстаған жандар сөз қадірін ұғынып, ішкі тар мүдделерге ұмтылмау керек. Өсек-аяңнан аулақ, ақыл мен сананы біліктілігімен ұштастырып жұмыс істей білгені абзал. Біз – көп ұлтты елміз. Татулық пен іш­кі тұрақтылықты сақтауды, қо­ғам мүддесін қашанда бірінші орын­ға қойған жөн. Ал мұндай жауап­кершілікті сақтамағандар алдымен ар-ұяты алдында жауап береді.
– Бұл кодекс журналистердің мәртебесін мемлекеттік қызмет­керлердің деңгейіне дейін кө­тере ала ма?
– Бұл туралы Бас редакторлар клубы тарапынан көтеріліп жүр. Журналистің мәртебесін арттыру туралы бұған дейін де айтылып келген. Әлі де айтыла береді. Ко­декс бұл мәселені түбегейлі ше­ше алмаса да, көмекші болуы мүм­кін. Өйткені, билік пен жур­­на­­лис­тердің арасы бір табан жақын. Жур­налистер қаузаған мәселе­­лерді би­лік өкілдері шешуге, жүзеге асы­руға мойын бұрып, мұрын­дық болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button