ӘлеуметЖаңалықтар

Кепілдендірілген әлеуметтік көмек берілуде

Нұр-Сұлтан қаласында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қыркүйек айы үшін азық-түлік себеттері таратылуда.

[smartslider3 slider=432]

2021 жылы АӘК алатын отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына қыркүйек айына арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) елордалық «Магнум» сауда желісінің 4 ауданындағы супермаркеттерінде берілуде. Әлеуметтік пакетті алушылар өз ЖСН-ін https://magnum.kz/page/garantirovannaya-socialnaya-pomosh сайтына енгізіп, тізімде бар-жоғын тексере алады. Көмек алушы тізімнен өзін тапқаннан кейін кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді алуға, өзі тіркелген Magnum филиалына келесі мекенжайларына күн сайын 9:00-ден 17:00-ге дейін:
Алматы ауданы, Еділ көшесі, 26, Жансүгіров, 8/1 «В»,
Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 55 «Д»,
Байқоңыр, Алаш тас жолы 23/1, Уәлиханов көшесі, 20,
Сарыарқа ауданы, Уәлиханов көшесі, 20 мекенжайына баруы қажет.
Сонымен қатар кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алу үшін қанатқақты жоба Әлеуметтік қызметтер порталы, сілтеме https://aleumet.egov.kz/ арқылы жүгінуге болады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button