Қала тіршілігі

Кептерге кесел қайдан келді?

Есіл өзені жағалауында қырылып жатқан кептерлер астаналықтардың алаңдаушылығын туғызуда. Олар әлеуметтік желіге өлі құстардың суретін жариялап, кеселдің неден келгенін біле алмай әлек.

015

Осы мәселенің анық-қанығын тексермек болып қаладағы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының Тұ­тынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабар­ласқан едік.
– Жағалаудағы кептерлердің қырылу себебін анықтау үшін Есіл өзеніндегі судың сынамасын алдық. Оның химиялық, радиологиялық, микробиологиялық және токсико­логиялық құрамын зерт­тейміз. Талдау нәтижесі бойын­ша қосымша мәлім­дейміз, – деп жауап берді бізге аталмыш ұйым маманы.
Сонымен қатар, ведомство өкілінің айтуынша, биылғы 4 тамыз күні «Астаналық дезинфекция» ЖШС қалалық саябақ аумағында, оның ішінде жағалау маңында да тазалау жұмыстарын жүргізген екен.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button