Елорда тынысы
Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осыған байланысты 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.