Елорда тынысы
Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі уақытша жабылады
Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша Ә.Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті.
Осыған байланысты 4 қыркүйек күні сағат 20:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 17:00-ге дейінгі аралықта жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.