Жаңалықтар

КЕРЕКУ КӘСІПКЕРЛЕРІ «ЭКСПОҒА» АТ САЛЫСАДЫ

ekspo_logo

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы  Қанат Бозымбаевпен кездесіп, өңірдің өнеркәсіп нысандарының жұмысымен танысты. Екіжақты кездесу барысында ұлттық компания мен Павлодар облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған нысандарын салатын бас мердігерлер мен павлодарлық тауар өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы тоғыз келісімшарт ниеттемесі мақұлданды. Нақтырақ айтсақ, астаналық «Mabco construction s.a.» құрылыс фирмасы және павлодарлық қара және түсті металл өнімдерін шығаратын «Кастинг» болат құю зауыты өзара әрекеттесу туралы келісті.

Сондай-ақ ЭКСПО нысандары құрылысының бас мердігері «Базис ҚК» компаниясы «ҚазБитумҚызмет» және «МВИ зауыты» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Дәл осындай келісімге ұлттық компанияның бас мердігері «АБК Құрылыс-1» және павлодарлық «Стирол» компаниясы, «Қазэнергокабель» отырды. Елордалық «МагАстана – Транс» компаниясы «ҚазБитумҚызмет» зауытымен, «ТрестСАЭМ» АҚ компаниясы «Қазэнергокабель» компаниясымен және «САЭМ МҚЗ» металл құрылмалары зауытымен өзара әрекеттестік туралы мәмілеге қол қойды. «Сембол» құрылыс компаниясы «Ремстрой» ЖШС-мен ынтымақтасу туралы келісті. Бұл – бастама ғана.  Алдағы уақытта қос өңірдің кәсіпорындары қоян-қолтық еңбек ететін болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button