Жаңалықтар

Керекуден жәрмеңке келеді

Алдағы 5-6 қазан күндері қалалық әкімдіктің алдындағы орталық алаңда Павлодар облысының ауыл шаруа­шылығы жәрмеңкесі өтеді.Кереку жерінің тауар өн­ді­рушілері астаналықтарға нарықтан 15-20 пайыз төмен бағамен азық-түлік өнімдерінің алуан түрін ұсынбақ. Соның ішінде облыстың 150 шаруа­шылығы саудаға – 665 тонна ет, сүт, ұн тағамдарын шы­ғар­мақ. Әсіресе, аймақтың «Кеңес-Агро», «Заря» шаруа қожа­лықтары мен «Биосим» ЖШС өндірген картобының сапасы жоғары.
Сондай-ақ, жәрмеңке бағ­дарламасына Ертіс өңірі қол­­данбалы өнер шебер­лері­­нің сауда-көрмесі мен көр­кем­өнерпаздар үйір­мелерінің кон­церті, түрлі спорттық бә­секелер енгізілген.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button