Басты ақпарат

Кешегі майдангер – бүгінгі ардагер

…Соғыс жылдары қазақ жерінен сан мыңдаған азамат майданға аттанды. Соғысқа ана сүті аузынан кетпеген, кәмелет жастан енді асқан қазақтың сан мыңдаған ұл-қыздары, от иелері, енді біреудің жалғызы, біреудің жанұясының асыраушысы соғысқа кетті. Қазақстаннан аттанғандардың саны 1 миллион 700 мың еді. Оралғаны белгісіз. Қанша боздақ окоп ішінде көмусіз қалғаны және белгісіз.

[smartslider3 slider=2737]

…Соғыс. Бейбіт өмір. Осы бірінен-бірі алшақ, алайда тығыз байланысты екі ұғым туралы айтқанда, соғыс майдангері және еңбек ардагері деген сөз тіркес­терін қатар қолданамыз. Соңғы сөздің парқын, қадір-қасиетін бізден артық жан дүниесімен сезіне білетін жандар бар. Олар – бүгінгі ұрпақ мақтан тұтатын кешегі соғыста ерлік жасап, қазіргі бейбіт өмірде еңбек үлгісін таныта білген тұлғалар. Олар бүгінгі таңда арамызда, бірақ қатары сиреген. Ел тәуелсіздігін көзімен көрген, бейбіт өмірдің салтанатын сезінген ардагер жандар астанада – бар-жоғы 18 қария. Екі соғыс ардагері қалауымен Ресейге қоныс аударған.

 Ардагерлер – қоғамның сан түрлі салалары бойынша еңбек етіп, зейнетке жеткен азаматтар мен аналар. Олар туралы кеңірек айтпаққа керек. Олардың өмір жолы біреуге белгілі, біреуге беймәлім. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында, еліміздің астанасында тұратын санаулы майдангер ғана өмір сүруде. Оларды жыл сайын ардақтап, мемлекет тарапынан құрмет көрсету дәстүрге айналған. Олар – майданда ерлік жасап, оқ арасында жанкештілікпен ерлік жасай білген батырлар. Бірі – соғыста алған жарақаты жазылмастан еңбекке араласып, тың көтеруге зор үлес қосып, тер төккен абзал адамдар.

Жеңіс – тарихи ұғым, ал Жеңіс күні – есте қаларлық мереке. Екінші Дүние­жүзілік соғыста қазақ халқының 125 мыңнан аса өкілі қаза тапты. Отандастарымыз­дың мүрдесін арулап, жуып, аққа орап, жерлей алмай қаншама адам, жақындары қайғыдан зар шекті. Майдангер жастарымыз аман-есен оралса, қазақ халқының саны әлдеқайда артық болар ма еді?

Қазақ елінің тарихында еске түссе, әттеген-ай дейтін тұстар баршылық. Сонау тарихи мәліметтерді қопармағанның өзінде сұм соғыстың салған жарасы жазылып кетті деу артық. Тіпті бойында алуға болмайтын, майданда денесіне енген оқпен бірге өмір сүрген ардагерлер елімізде кездеседі. Олар – өмірге құштар жандар. Олар – рухы биік отансүйгіш, елжанды азаматтар. Олар – кешегі ержүрек сарбаздар, бүгінгі аты аңыз қариялар.

                                                                                                         ***

Елімізде мерекелер, атаулы күндер баршылық. Солардың ең ардақтысы – Ұлы Жеңіс күні. Ақмолалық Рақымжан ­Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн. Жеңіс күніне жете алмай қаншама адам көз жұмды, бақытты күнді көре алмай, талай ерлік жасаған майдангерлер оққа ұшты. Зерттеулерге қарағанда, қазақ жерінен тіпті жүзден аса қазақ қызы майданға аттанған және ерлермен қатар ерлік танытқан ақмолалықтар да бар еді.

Майдангер-ардагерлер қатарында бүгінде 99 жастың құрметті қонағы болып отырған қария, ұрпағының атасы Рзақұл Байкешевті атау лайықты. Ол майданда қаракөз қазақ қыз­дарына аяушылықпен қарап, бауырмалдық танытқан.

Ұзақ жасау Алланың сыйы болар, дейтұрғанмен, жеке адамның рухы мен өмірді сүю, оған қоса бойындағы еңбек ету қасиеті, жасаған қимыл-әрекеттерінің дұрыс болғандығы болар. Сонымен қатар ардагерлерге деген денсаулық сақтау орындарының орынды қамқорлығы да болмай қалған жоқ.

Тарихта аты қалу, алтын әріппен жазылу көптің маңдайына бұйыра беретін зор бақыт емес. Тұлға болып қоғам дамуына бір кісідей атсалысса, ол адам елеулі.

Біз бүгін көзі тірі ардақты ардагерлерге құрмет көрсете отырып, олар туралы тағы да оқырманға жариялап отырмыз. Олар жеңісті жақындатты.

Солардың бірі – ғасырмен сапарлас болған, талай қиындықты бастан кешкен 102 жастағы соғыс ардагері, астана тұрғыны Абдурахман Сафаров.

Нұр-Сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесінің атынан барып, алдағы Жеңіс күнімен құттықтап, жүзден асқан ардақты қариямен тілдескенде, қарт майдангер сұм соғыстың қаһарлы күндерін еске ала отырып, бөлім командирі ретінде атқарған қызметін әңгімеледі. Ең қызығы, 21 км қашықтыққа ататын салмағы 43 келілік пулеметті өзі көтеріп жүргенін айтты. Фашистермен бетпе-бет кездесіп, талайын жойғанын және майдандас қазақ қыздарын кездестіргенін еске алды. Бейбіт өмірде 40 жыл ұстаздық еткен ардагер қария сұхбат барысында «Жаңа Қазақстанның» болашағына сенетіндігін білдірді. Ардагер абыз атамыз сұхбатын ақ батасымен аяқтады.

Сондай-ақ Отан игілігі үшін еңбек етудің үлгісін көрсете жүріп, ұрпақ тәрбиелесе, кейбіреуі демобилизациядан кейінгі бейбіт өмірге оралып, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін қоғам дамуына қызмет етті.

Елге оралған майдангерлер ешкімге масыл болған жоқ, олар бірі ағаш жонып, бірі станокта темір қашап еңбек етті. Мал бақты, шаруашылықпен айналысты. Сөйте жүріп ұрпақ өсірді. Енді біразы мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосса, біреуі жауапты қызметтер атқарды. Тіпті соғыс зардабы басылмай жатып-ақ еңбек даласында барын салды. Олар соғыстан кейін қалпына келтіру жұмыстарында да белсенділік танытты. Ендеше бүгінде оларды ардақтап, сіңірген еңбектерін бағалап, ықылас таныту – оларға деген зор құрмет.

Сәуір айының бірінші жартысында Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа және Есіл аудандарының ардагерлері мен аудан әкімдері, әртүрлі саладағы басшылық қызметтегі мамандармен кездесулер, дөңгелек үстелдер өтіп, қария жасындағы зейнеткерлер және олардың денсаулығы, әлеуметтік-тұрмыс­тық жай-күйі қарастырылды.

Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы бар, ол 1987 жылы 21 наурызда құрылған. Бұл ұйым – Қазақстан Республикасындағы соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі. 1991 жылы ұйымның орталық кеңесі құрылды. Бүгінде қоғам қайраткері ­Б.Ізмұхамбетовтің басшылығымен кеңес ардагерлердің жай-күйімен тығыз байланыста.

Ардагерлер ұйымының міндеті – ардагерлердің материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жан-жақты қамқорлық жасап, қолдау көрсету. Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы баспасөз бетінде жариялап, түрлі басқосулар мен отбасында, дастарқан басында әңгімелеу ұрпақ бойында патриоттық сезімін арттыруға ықпалы болары сөзсіз. Ендеше айналамыздағы саусақпен санарлық ардагерлер туралы білу, қиын-қыстау өмір жолының соқпағынан өтіп, елге оралған соң олар атқарған еңбектің сан алуан түрі ұрпаққа өнеге етерлік ерліктің бір парасы болмақ.

Майданда ерлік жасап, есен- сау елге оралған батырлардың қаһармандық ерлік жолдары паш етуге, мақтауға, марапаттауға тұрарлық. Жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін қару еткен жауынгерлер: кешегі майдангерлер – бүгінгі ардагерлер.

Жеңіс – тарихи ұғым, ал Жеңіс күні – есте қаларлық мереке. Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақ халқының 125 мыңнан аса өкілі қаза тапты. Отандастарымыздың мүрдесін арулап, жуып, аққа орап, жерлей алмай қаншама адам, жақындары қайғыдан зар шекті. Майдангер жастарымыз аман-есен тірі оралса, қазақ халқының саны әлдеқайда артық болар ма еді?

Олар мүгедектікке, еңбекке жарамсыз халде оралған майдангерлер отбасы да қарап қалмады. Қарекет ете білді. Ең болмағанда ұрпақ санасына жетер ерлік туралы әңгімелеп, хатқа түсірді. Сондықтан елдік пен ерліктің мән-мағынасын, аражігін ажырата білу – жастарға сын. Ал бүгінгі күні аяқ-қолы бүтін, санасында саңылауы бар жас-кәріге қазіргі таңда көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету мәртебелі ізгі іс болары анық.

Аты аңызға айналған ардагерлердің батырлығын паш ету мектеп жасындағы балалардан бастау алуы керек. Сұрапыл соғыста бас сауғалап, қорқақтық танытпаған ерлік иелерінің жүрегіндегі патриоттық, отаншылдық рухының биік, жігерінің мықты болғандығын бейбіт өмірде де айта жүруіміз қажет. Мәселен, соғыстың екінші жылында шақырылған, мысалы, Махамбетов барлаушы жауапкерлігін абыроймен атқарған. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Коммунар ауылында дүниеге келген ардагер қария қазір 97 жаста.

Ол әскер қатарына 1943 жылдың мамыр айында шақырылды. Мысалы, атамыз барлауда қызмет етті. Балтық жағалауы майданында соғысты.

1951 жылы Қазақстанға оралғаннан кейін ол Кинотехникумға оқуға қабылданды. Техникумды бітіргеннен кейін,  25 жыл бойы киножүйесінде жұмыс істеді. Бірнеше әскери наградалармен марапатталған.

Бүгінгі күні аты-жөнін атап айтып, төмендегі қазақстандық соғыс ардагерлерін мақтан тұтамыз. Олар: Балкарова Елена Никитична – 98 жаста; Калинин Михаил Васильевич – 98 жаста; Каримов Жүнісбек – 96 жаста; Кулик Михаил Григорьевич – 96 жаста; Морунов Александр Дмитриевич – 98 жаста (Мәскеуге қоныс аударды); Мұстафин Утюн Мұқанұлы – 96 жаста; Плужникова Екатерина Герасимова – 98 жаста (Мәскеу­ге қоныс аударды); Садықов Тұрысбек – 98 жаста; Сейсебаев Жақан – 97 жаста; Тютюн Иван Федорович – 96 жаста; Хасенов Каир – 97 жаста.

Міне, соғыстың біткеніне 77 жыл толса, жоғарыда аты аталған соғыс ардагерлерінің қай жаста майданға аттанып, жау шебінде сұм соғыстың қорқынышты түндері мен күдікке толы күндерін басынан кешкені мәлім.

Еліміздің әр қаласында, елді мекендерінде өмір сүріп жатқан кешегі майдангер, бүгінгі ардагерлердің де ерлікке толы өнегелі ғұмыр дастанынан хабардар болу артық етпесі анық.

Десе де, айтпасқа болмайды. Тау алыстаған сайын биіктейді демекші, Жеңістің 75 жылдығын 48 ардагер қарсы алса, 77 жылдықта 18 қарт майдангер ұрпағының төрінде отыр. Өкінішке қарай, отызы бақилық болды. Тәуелсіз Қазақстанға қосқан марқұмдардың үлестерін атауды жөн көрдік.

Майдангер Байкен Айдархан Байкеұлының да өмір жолы оңай болды деуге келмейді.

1943 жылы әскер қатарына шақырылып, 37 қосалқы атқыштар полкінің атқышы ретінде қабылданады. 1943, 1944, 1945 жылдары үш рет жараланып, жарақатына байланысты 1945 жылдың желтоқсан айында Отанына оралды.

Ішкі істер бөлімінде 26 жыл жұмыс істеп, Ішкі істер минис­трлігінің құрметті қызметкері атанды. І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, ІІІ дәрежелі Даңқ ордені және көптеген мерейтойлық медальдар. Ардагер қария 1925 жылы 28 желтоқсанда Көкшетау облысы К.Маркс атындағы колхозда өмірге келген.

Жеңісті Грузияда қарсы алды, туған үйіне 1947 жылы ғана оралған Сергиенко Павел Лукич еліміздің мұнай өндіру кәсібінде жұмыс істеді.

Соғыстан кейін тыңды көтерген еңбегі еленіп, Социалистік Еңбек Ері атанды. Ол 1925 жылы 24 шілдеде Краснодар өлкесінде, Медведовская станциясына жақын жерде дүниеге келген. 17 жасар бала кезінде Павел Лукич кіші авиациялық мамандар мектебінің оқушыларымен танысып, көп ұзамай сонда студент ретінде оқуға түсті.

1942 жылы әскерге аттанды. Жас сарбаздардың басты міндеті Қара теңізді қорғау болды. Латвия, Литва, Эстония, Шығыс Пруссия, Польшаны босату шайқастарына қатысты.

Жауынгерлік еңбегі үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков», «Германия­ны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған.

Табиғатында әйел адамның жаны нәзік, дегенмен майданда ерлермен иық тіресе жүріп, бірі окопта ерлікпен қаза тауып, туған жер топырағы бұйырмаса, тірі оралғандарының арасында әйел адамдар да бар. Солардың бірі – отандасымыз Сивоконь Валентина Семеновна. Әскер қатарында болып, жауынгер атанды.

1923 жылы 6 маусымда Украинада, Полтава облысының Казальщанск ауданында дүниеге келген. Қызыл Әскер жауынгері ретінде Отан алдындағы борышын адал атқарды. Сталинград шайқасына 212 дивизия құрамында лейтенант ретінде қатысқан.

Фашистік басқыншыларды жеңгеннен кейін туған өлкесіне бейбіт өмірге және отбасы мен Отан игілігі үшін еңбек етуге оралды.

Майданда да, бейбіт өмірде де еңбегі еленіп, жауынгерлік еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Маржан Бектұрсынқызы,Астана қаласы

Ардагерлер кеңесі медиа тобының мүшесі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button