Денсаулық

Кездейсоқ кездесулердің салдары

 

Кездейсоқ жыныстық қатынас тақырыбына сөйлесу бұрыннан ұят болып саналды. Қоғамдық айыптау, жағымсыз көзқарастар, моральдық принциптер бұл туралы сұрауларға өзіндік тыйым салды.
Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен берілуі көбеюде. Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, АИТВ бар көптеген адамдар диагноз қойылғанға дейін бұл вирус туралы толық білмейді. Көбінесе өзінің оң мәртебесін растаған кезде ғана адам мәселені түсініп, барлық ресурстардан ақпарат ала бастайды.
АИТВ инфекциясы адамның иммундық жүйесіне әсер етеді және дененің қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеледі. Аурудың асқынуы ЖИТС-ке, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына әкеледі. Сондықтан әр адам өзін қорғау үшін бірнеше ережелерді білуі керек:

  1. АИТВ инфекциясының берілу жолдарын білу. АИТВ қан арқылы, ұрық сұ­йықтығы және вагиналды секреция арқылы, сондай-ақ жұқтыр­ған анадан балаға өтеді. Қарапайым ережелерді сақтасаңыз, АИТВ инфекция­сын жұқтырудың қаупі аз. Жыныстық қатынас кезінде қорғаныс құралдарын пайдалану, стерильді медициналық құралдарды пайдалану және АИТВ-ға жыл сайынғы тексеру аурудың алдын алуға көмектеседі;
  2. Қауіпті мінез-құлыққа жол бермеу – есірткі қолданбау, серіктесіңіздің АИТВ статусын білмесеңіз, жыныс­тық қатынасқа түспеу;
  3. Салауатты өмір салтын ұстану. Спорт, таза ауа, се­руендеу өмір үшін таптырмас дос болуы керек.

Өкінішке қарай, кездейсоқ жыныстық қатынастарда контрацепцияны (презервативтерді) қолдану өте сирек кездеседі. Серіктес сіз үшін жақсы таныс емес болғандықтан, ауру жұқтырудың әрқашан үлкен қаупі бар. Есіңізде болсын, жыныстық жолмен берілетін аурулардың көрінетін белгілері болмаса да, бұл адамның сау екенін білдірмейді.
Қорытындылай келе, АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат барлығына қолжетімді деп айтқым келеді, бұл ақпаратпен тиісті оқулықтарда, интернет-ресурстарда, сондай-ақ біздің сайтта: www.kazaids.kz және Instagram парақшасында: aidsastana танысуға болады. Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есенберлин көшесі, 5/1.
 

А.ШЫНОБЕКОВА,

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК алдын

алу бөлімінің дәрігер­эпидемиологы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button