Ел тынысы

Кезектен тыс сессия және көпшілік тыңдау өтеді



Астана қалалық мәслихатында ай соңына дейін екі жиын өтпек, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Онда жаңа аудан құру және балардың жазғы демалысын ұйымдастыру иәселелері қаралмақ.Соның алғашқысы – кезектен тыс сессия.

«Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2024 жылғы 23 мамырда 10:00 қалалық мәслихаттың мәжіліс залында  Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақ енгізіледі:

  1. Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36″, – делінген хабарламада. Сондай-ақ, келесі аптада көпшілік тыңдау өтеді.

«Құрметті елорда тұрғындары!

2024 жылғы 28 мамырда сағат 16.00-де «Астана қаласында балалар лагерлері мен балалар демалысын дамыту» тақырыбына Астана қаласы мәслихатының көпшілік тыңдаулар өткізіледі.Көпшілік тыңдаулар мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді.Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz«, – делінген хабарламада.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button