Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ СЕССИЯ КЕЛІСІМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛАДЫ

башмаков

Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан халқы ассамблея­сы Хатшылығының өкілі Нәзипа Шанаи, Сенат депутаты, Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Видади Салахов, болгар мәдени орталығының жетекшісі Ольга Андриевская және өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов журналистермен кездесті.

Ассамблея өкілдері  еліміздегі ұлттар саясатының жүзеге асырылуы, этномәдени орталықтардың  қызметі мен  алдағы өтетін сессия жұмысына дайындық барысы туралы  баяндады. «18 сәуірде өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында ағымдағы саяси және халықаралық деңгейдегі мәселелер қаралады. Сессияның тақырыбы – «Қазақстан-2050» стратегия­сы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті». Көріп отырғандарыңыздай, тақырып ауқымды және ол кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Менің ойымша, бүгінгі әлем өз дамуында аса сындарлы саяси кезеңді бастан кешіріп отырғаны анық, бірақ, ең алдымен, дүниетанымдық проблемалар, мәдениет пен руханият мәселелері дағдарысқа ұшырап отыр» деді А.Башмаков.

 

Айгүл УАЙСОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button