Шаһар шежіресі

Кезінде облыстық кітапхана болған…

Алғашқы суреттегі көрініс – Сәкен Сейфуллин көшесі мен Тың игерушілер даңғылының (Қазіргі Республика даңғылы) қиылысында орналасқан, кезінде ақмолалықтардың рухани азық алатын орны болған С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана ғимараты. Ол өңірге белгілі архитектор В.Ф.Тоскиннің жобасы бойынша салынып, 1980 жылы 5 қарашада пайдалануға берілген.

[smartslider3 slider=2763]

380 мыңға тарта кітап қоры болған рухани орталық бұл жерде 2002 жылдың мамыр айына дейін жұмыс істеді. Осы жылдың жазында ол Президенттік мәдениет орталығына көшірілді де, оның орнына Алматыдан Қазақ мемлекеттік Заң академиясы (Қазіргі Қазақ гуманитарлық заң университеті) қоныс аударды.

[smartslider3 slider=2764]

Ал 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті жаңа мекенжайға көшкеннен кейін бұл ғимаратқа «Жетінші арна» телевизиялық арнасының ұжымы мекен тепті.

Қазір мұнда аталған телеарнамен бірге бірнеше мекеме, ұжым орналасқан.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button