Мәдениет

Киелі жерлерді аралады

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестік мүшелері, ЖОО тарихшылары мен елордалық ҚХА жастары Павлодар облысының тарихи-өлкетану, киелі нысандарына сапарлап келді.

[smartslider3 slider=3706]

Жастар елордалық Достық үйі алаңынан жинақталып ең алдымен Павлодар облысы Екібастұз қаласы маңындағы ауылға барып Исабек Ишан мешітіне барып, құран бағыштап, мұражайымен танысты. Экскурсияны Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайының маманы Асхат Серикбеков бастап отырды. Ол қатысушыларға Исабек Ишан туралы кеңірек тоқталып өтті.

«Жаз бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен ­­жер­лестерімізден бөлек шетел келетін ­туристер Павлодар облысының киелі жерлерімен көптеп танысуда. Бүгінгі күні 70-тен астам киелі жерлер бар. Оның 5-еуі республикалық ­сакралды тізімінде. Олар: ­Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қоңыр әулие үңгірі, Жасыбай батырдың монументі,  Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы Исабек Ишан кесенелік кешені,  Ақкөл-Жайылма қалашығы. Тарихта аты қалған, бүгінде есімі аңызға айналған парасатты, ізгі ниетті, адасқанда халқына бағыт-бағдар берген аңызға айналған адамдар көп. Сол адамдардың ұрпағы ретінде кесене тұрғызып, атын асқақтату жолы біздің парызымыз» – деді Асхат Серикбекұлы өз сөзінде.

Одан әрі делегация Павлодар облысындағы Баянауыл ауылының солтүстік-шығысында, 17 км қашықтықта орналасқан «Қоңыр әулие» үңгіріне, Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесіне зиярат етті. Тарихи-мәдени мұра, орта ғасырлық қала орындарына саяхат жасаған экскурсия қатысушылары тарихы тереңде жатқан киелі жерлермен танысып, «Жасыбай» демалыс аймағына орналасып, қызықты кеш өткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button