Жаңалықтар

Киіксіз қалып жүрмейік

Дандайсып кеткен браконьерлерге тұсау салмасақ алдағы бірнеше жылдың ішінде еліміз ен даланың еркесі – киіксіз қалуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, соңғы кездері киік аулаушылардың қарасы көбейіп кеткен. Әсіресе мүйізі үшін қандай қадамға да барудан танбайтындар тіптен өскен.

20160614162656

Соңғы бес заңсыз киік аулау оқиғасына қатысты 33 факті тіркеліпті. «Тексеру барысында броконьерлерден 100-ден астам киік пен мың дана мүйіз табылды», – Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев.
Бүгінгі таңда елімізде барлығы 108 мыңға жуық бөкен қалғаны белгілі болып отыр. Олардың басым бөлігі Орал мен Бетпақдалада болса, Маңғыстау облысындағы үстіртте бас-аяғы 2 мыңдай ғана ақбөкен қалған. Үстіртте мекендейтін ақбөкендерді сақтап қалу үшін көрші Түрікменстан, Өзбекстан секілді мемлекеттермен арнайы келіссөздер келіссөз жүргізіліп, қаскөйлерге қарсы әкімшілік және қылмыстық жазаны күшейту жолын қарастырып жатыр.
Қазақстанда осыдан үш жыл бұрын 300 мыңнан астам ақбөкен бар дейтінбіз. Өкініштісі солардың 200 мыңы, яғни, 63 пайызы белгісіз дерттен қырылып қалды. Ең қорқыныштысы, мамандар киік атаулыны баудай түсірген пастереллез дертінің биыл да қайталануы мүмкін екен айтып отыр. Өйт­кені, ғалымдар бұл аурудың алдын алатын екпе жасаудың жолдарын әлі тапқан жоқ.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button