Қоғам

Килиманджаро шыңын бағындырды

Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні қарсаңында Альпинизм федерациясының қолдауымен альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев бастаған спортшылар командасы 26 ақпанда Килиманджаро шыңына шықты.

Көтерілу оңай болған жоқ, қиындықтар көтерілу жылдамдығына әсер етті, бірақ бірге Қазақстан халқының бірлігін, достығын, мызғымас ерік-­жігерін бейнелейтін әртүрлі этнос­тардың өкілдері кірген қазақстандық команда Килиманджаро шыңына шықты. Алдынан соққан қатты өкпек жел мен оттегінің жетіспеушілігіне қарамастан, біздің атақты альпи­нистер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен ассамблеяның туын желбіретті.

Килиманджаро – әлемдегі ең биік жеті шыңның бірі, Африкадағы ең биік тау, сонымен қатар әлемдегі жеке тұрған ең биік тау. Шыңның ең биік нүктесі – Ухурудың биіктігі теңіз деңгейінен 5895 метр құрайды.

Қазақ альпинистерінің көшбасшысы Мақсұт Жұмаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Биіктігі 8 мың метр болатын барлық 14 шыңды бағындырған. Ол құздың биігіне қосымша оттегін пайдаланбай, қатерге бас тігіп тәуекел еткен дүние жүзіндегі 12-альпинист. Әлемдік деңгейде жетістікке жеткен мықты альпинистердің бірі.

Дайындаған Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button