Шаһар шежіресі

Кинотеатр сауда үйіне айналды

Қазіргі Абай даңғылының бойында (бұрынғы ­В.И.Ленин даңғылы) орналасқан «Родина» кинотеатры 1962 жылы салынған.

[smartslider3 slider=2233]

Сексен бес орынға шақталған кинозалда алғашында кино қойы­лып, кейін қала жастарының бос уақыттарын көңілді өткізетін мәдени орынға айналған. «Мұнда алпысыншы жылдардың басында би кештері жиі өтіп тұратын» деп еске алады қаланың байырғы тұрғындары.

[smartslider3 slider=2234]

1963 жылы «Родина» кинотеат­рын күрделі жөндеуден өткізіп, жалғас жапсырма салып, залын жүз сексен адам сиятындай кеңейткен.

Ал 1998 жылдан елордасы Ақмолаға көшірілгеннен кейін бұл ғимарат «Ақсұңқар» қонақүй-мейрамхана кешені болды.

Қазір бұл отандық және шетелдік тері бұйымдарынан тігілген әйелдер мен ерлердің тондары мен бас киімдерін сататын «Тері сарайы» аталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button