Кинотеатрда есірткіге қарсы акция өткізілді
Елорда кинотеатрларының бірінде «Астана – есірткісіз қала» ауқымды акциясы аясында келушілермен есірткі құралдарының зияны туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Есірткіге қарсы акция фильм көрсетілмес бұрын Keruen сауда ойын-сауық орталығының кинотеатрында өткізілді. Елордалық жастарға есірткінің зияны және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Сондай-ақ келушілерге есірткі қылмысына қарсы күресті қолдау үшін футболкалар мен бейсболкалар таратылды.
«Менің ойымша, акция мен фильмнің басты мәні – есірткі ешқашан жақсы нәрсеге әкелмейді, бұл сіздің болашағыңызды бұлыңғыр ететін теріс жол. Жеңіл ақша – бұл қайғылы салдарға әкеп соқтыратын уақытша эйфория», – деді кинотеатр қонағы Әмір Зікіриянов.
Іс-шара Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен өтті.