Құқық

Кіреберістегі есіктерді тепкілеп сындырған

Елордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен белсенді күрес жүргізіп жатыр. Астанада кезекті вандалдар анықталып, жазаланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2 қазан күні түнгі сағат 02:30 шамасында 25 жастағы ер адам Қ.Мұхаммедханов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің есігін әдейі сындырған.

Осыған ұқсас жағдай 10 қазанға қараған түні болды. 31 жастағы қала тұрғыны Күйші Дина көшесіндегі тұрғын үйде лифт есігін қасақана сындырған.Ортақ мүлікке зиян келтірген екі бұзушы табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Тоқта, вандал» акциясы аясында Астанада күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізіліп жатыр.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.
Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қосылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button