Сұхбат

Лариса Красникова, Астана қаласы ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: «КІРМЕ» КӨЛІК ТІРКЕЛМЕСЕ, АЙЫППҰЛ ІЛЕДІ

polis_w45dtfw4564

– Кеше елордада басқа аймақтардан келіп, тіркеусіз жүрген көліктерді анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізілгені белгілі. Мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр ма?

– Жол қозғалысы ережелері мен көліктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі ереже бойынша, белгілі бір аумаққа екі айдан астам уақытқа тұрақтауға барған кез келген азамат өзінің көлігін жергілікті жол полициясы басқармасына уақытша тіркеуге қоюға міндетті. Осы талаптың қаншалықты орындалып жатқанын анықтау мақсатында біз алғаш рет рейд жүргіздік.

– Бүгінде Астана қаласында өзге аймақтардан келіп, уақытша тіркеуге тұрған қанша көлік бар?

– Соңғы көрсеткіштер бойынша, Астана қаласы ІІД ЖПБ тіркеуінде жалпы саны 283,5 мың көлік құралы бар екен. Солардың 2 мыңы ғана уақытша тіркеуге қойылған.

Алайда, соңғы күндерде жүргізілген рейд барысында қалада өзге аймақтардан келіп алып жайбарақат жүрген көліктердің саны анағұрлым көп екеніне көзіміз жетті. Заң мен ереже талаптарына сәйкес, ондай көліктердің жүруіне рұқсат етілмеуі тиіс. Бірақ, көпшілік көлік иелері аталмыш талаптарды білмейтіндерін айтып жатты.

– Жалпы, осы жұмыстар барысында қанша тәртіпбұзушылық тіркелді? Тіркеусіз жүрген көлік иелеріне қандай шара қолданылды?

– ІІД ЖПБ қызметкерлерінің рейд барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 461 бабының 2 тармағына сәйкес, 70 көлік жүргізушіге тиісті шара қолданылды. Заң бойынша, тәртіпке сай тіркеуге тұрмай, көлік жүргізген азаматтарға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 18 520 теңге көлемінде айыппұл салынуға тиіс. Соған сәйкес, анықталған тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button