Жаңалықтар

Кісі ақысын жегендер жауапқа тартылады

Астана қаласында жұмысшыларға жалақы төлеуге қатысты бірқатар проблеманың алдын алу және оны шешу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды.

Елорда әкімдігінде Сергей Хорошунның төрағалығымен аталмыш топтың алғашқы отырысы өтті. Оған елорда прокуратурасының өкілдері, жұмыс берушілер қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе – еңбекақыны кешіктіріп төлеу жағдайын және қарыздарды болдырмау.

Қала прокуратурасының талабы бойынша еңбек инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл шаралардың қорытындысы бойынша 5 компанияда – «World Monitoring» ЖШС, «Alumko Aden Metal FZCO» компаниясының филиалы, «NUR Kutkarushy» ЖШС, Elvit KZ» ЖШС, «Никастройсервис» ЖШС жалақыны төлемеу және оны кешіктіріп төлеу оқиғалары анықталды.

Астана қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың заңды тұлғалары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 87-бабына (жалақы төлеу талаптарын бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға, жалпы алғанда, 400 АЕК – 962000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Инспекторлар еңбек заңнамасын бұзудың әр оқиғасы бойынша ұйғарымдар шығарды.

Жиында «Алтын 2008» ЖШС пен «Alumko Aden Metal FZCO» компаниясының филиалы өкілдері өз жұмыскерлері алдындағы қарызды өтеу жөнінде есеп берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button