Білім

Кітап клубы құрылды

Ерлан Қазанқаповтың жеке қайырымдылық қоры және Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 көпшілік кітапхана «Кemel club» кітап клубын құрды.

«Кemel club» кітап клубы жай қауым ғана емес, ол танымдық және ойын-сауықтық демалыс болып саналады. Клубта бірлескен кітап оқулары мен оларды талқылау, түрлі тақырыптардағы пікірсайыс тар, интеллектуалдық және шығармашылық байқаулар мен поэзия күні, басқа да шаралар өткізіледі. Бұған қоса, балалар мен ата- аналар клуб мүшелері бола алады. Әзірге клубқа тоғыз оқырман ғана кіруге ниет танытты. Оқырман саны артқанда алда талқыланатын кітап пен авторлар таңдалады. Клуб қызметі, оның өткізіп жатқан шаралары туралы барлық ақпарат кітапхана парақшаларында және телеграм-каналда орналастырылатын болады. Сілтеме talking @kitap_qala_astana профиль басында бар. Клубқа қосылу үшін телеграм каналының тобына тіркелу қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button