Елорда күні

Кітап төрде тұрған күн…

Елорда күніне орай Қазақ­стан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітап­ханасы, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі және ­«Фолиант» баспасы бірлесіп, «Eлорда – KitapTime» кітап көрме-жәрмеңкесін өткізді.

[smartslider3 slider=3418]

 

Кітап оқуды қолдау, оқыр­мандардың кітап оқу мәде­ниетін қалыптастыру, елордамыз туралы әдебиеттерді кеңінен насихаттау, сондай-ақ отандық кітап баспаларының жаңа өнімдерімен таныстыру мақсатында өткізілген бұл шарада «Фолиант», «Эльдорадо» кітап дүкені, «Абай» кітап үйі, «Алматыкітап» баспасы өз өнімдерін таныстырса, «Qyr balasy» қоғамдық бірлестігі жаңа кітаптарын, Akel интернет-дүкені «Qasym» серия­сымен жарық көрген кітаптарын көрермен назарына ұсынды. Сондай-ақ «Oyna» балалық шақ институтымен бірлескен «Оқимыз, жазамыз, сурет саламыз!» балалардың шығармашылық сағаты, балалар суретінен арт-галерея, балаларға арналған шахмат ойынынан шеберлік сағаты, «Бірге.кз» әлеуметтік қолөнер шеберханасының шеберлік сыныбы өткізілді.

– Бүгінгі шара жай ғана көрме немесе жәрмеңке емес, бұл – рухани жәрмеңке. Бас қаламызда ауыл шаруашылығы, қолөнер жәрмеңкелері жиі өтіп тұрады. Алайда рухани жәрмеңке өте аз өткізіледі. Сондықтан біз биылғы Бала­лар жылы мен қала күніне орайластырып, осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Бұл – биыл өткіземіз деп жоспарлаған жобаның басы. Бұ­йырса, алдағы уақытта тіпті де көлемдендіріп өткіземіз. Мәселен, «Бәйтерек» кешенінің маңында үлкен рухани жәрмеңке өткізудің жоба-жоспарын жасап қойдық. Меніңше, мұндай іс-шаралар бас қалада жиі өткізіліп тұрса, өскелең ұрпақты кітап оқуға тәрбиелеп, рухани байлығымызды молайтуға күш салсақ, нұр үстіне нұр болар еді, – деді Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының міндетін атқарушы Нұржан Нұрланұлы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button