Мәдениет

Кітапхана тартуы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы ­Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты кеш өтті.

[smartslider3 slider=1508]

Кеш барысында кітапхана тарапынан «Жан жарасы – Желтоқсан» атты Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы мен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай кітап көрмесіне шолу жасалып, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан бір минуттық үнсіздік жарияланды.

«Тәуелсіздігімді мақтан етем!» қол­өнер шеберлерінің туындыларынан шағын көрме, «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!», «Жыр жауһар» атты кітапшалар жинағы, Тәуелсіздік құрдастарының мерекелік тартуы ұсынылды.

Кештің арнайы қонағы – мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов ­мерейлі мерекемен құттықтап, кітапхана мен кеш қонақтарына қолтаңбамен еңбектерін сыйға тартты.

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының кәсіподақ ұйымының төрайымы ­Светлана Иманқұлова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының ғылыми қызметкері, композитор-педагог, «Әнші болғым келеді» атты авторлық жобаның жетекшісі Алтын Маханбетова, «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтынгүл Әубәкірова сөз сөйлеп, марапаттарды тапсырды.

 Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button