ЖаңалықтарМәдениет

Кітапханадағы әсерлі кездесу

15 қазан – Кітапханашылар күні. Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен осы мереке қарсаңында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертану профессоры Кенжеғали Мыржықбаймен кездесу өтті.

[smartslider3 slider=254]

Классикалық әндерді орындаудың шебері, репертуары өте бай әнші кітапханашылар мен оқырмандармен жүздесуде Еуропаның, соның ішінде орыс классикасымен жиналғандарды сусындатты. Ахмет Жұбанов, Сыдық Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқов, т. б. қазақтың көрнекті композиторларының шығармаларын шырқады. Кездесуде қатысушылармен сырласып, олардың сұрақтарына жауап берді. Өзінің орындауында жазылған екі СD-дискіні кітапхана ұжымына тарту етті.
Өз тарапынан Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева осындай әсерлі кеш сыйлағаны үшін әншіге алғыс айтып, ұжым атынан өнер қайраткерлерінің шығармалары топтастырылған кітапты сыйлады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button