Шаһар шежіресі

Классикалық музыка кеші

Елордада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің концерті өтті. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен классикалық музыка кеші «Классика, романтика және қазіргі заман» тақырыбын тірек етіп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

[smartslider3 slider=2178]

Аталған концертте Вена классикалық композиторлар мектебінің көрнекті өкілі Вольфганг Амадей Моцарттың, Роберт Шуманның және отызында оттай жанып, өмірден өткен отандасымыз Омархан Несіпхановтың шекті аспаптарға арналған композициялары орындалды. Бір жарым сағатқа жуық уақытта үш дарынның шығармалары зал ішін жағымды әсерге толтырып, еріксіз елтіп, беймәлім ғаламға жетеледі.

[smartslider3 slider=2147]

Әдеттегідей, бірінші скрипкада Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада Алексей Лебедев, альтта Бекзат Сайлаубайұлы мен виолончельде квартеттің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев үш ауқымды бөлімнен тұратын концертте көрерменді керемет күйге бөледі.

Байжан ЕМБЕРДІ

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button