Мәдениет

Классикалық музыка кеші

Астанада Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» сим­фониялық оркестрінің бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Александр Галсановтың жетекшілігімен «Классикалық музыка кеші» атты концерт өтеді.

Концерт бағдарламасында қазақстандық және шетелдік белгілі композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалады. Сонымен қатар бұл іс-шарада «Ертіс концерт» халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары Ботагөз Жұмабекова, Жанат Бисимбаев, Арника Байбосынова, Абай Қайырбек, Дарын Бисаринов, мәдениет саласының үздігі Айжан Мазкенова, мәдениет қайраткері Альмира Нұрғожина, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач өнер көрсетеді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button