#Жаңа Қазақстан

Көкейде жүрген жайт еді

– Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуындағы сөйлеген сөзінде Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алу керектігі, сайлау алдындағы уәделер мен бағдарламаларды орындаудың маңыз­дылығына және жаңа Үкіметке шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарымыз үшін тұрғын үйді арзандату мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттілігін атап өтті. Бұл елімізде саяси-экономикалық реформалардың нақты іске асырылып жатқандығының белгісі деп санаймын.

Әсіресе, мәдениет саласын өркендету үшін жаңа Тұжырымдама жасалып жатқаны – еліміздің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайтуға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға үлкен серпіліс және мемлекет мүддесіне сай деңгейге көтерілетіні сөзсіз!

Президенттің «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта қалпына келтіру туралы шешімі шығармашыл зиялы қауымның көкейінде жүрген жайт еді. Ол ел арасында үлкен қолдауға ие болатыны анық.

Креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсетудің маңыздылығы – әлемде табысты ел болудың кепілі және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратыны туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мықты стратегиялық қадамдарының бірі деп санаймын және ұлттық құндылықтар, мәдени мұра, руханият бағытында жүргізіп жатқан «Күй анасы» республикалық қорының жұмысына жаңа бағындыратын белестерге бағыт және үлкен қолдау деп түсінемін.

Бүгінгі таңда біздің Қордың бастамасымен елордамызда Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен Дина Нұрпейісоваға, ұлттық домбырамызға арналған ескерткіштері, «Қазақтың 101 күйшісі» заманауи ескерткіш тасы қойылды және «Күйшілер мен композиторлар» Аллеясы ашылды. Алдағы уақытта «Креативті ашық сахна» мен «Түркі халықтарының өнер орталығы» жобаларын іске асыруды жоспарлап отырмыз.

Төлеген ҚУАНЫШЕВ,

«Күй анасы» Республикалық

қорының жетекшісі, профессор

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button