Қоғам

Көкшетау-Зеренді тасжолы үш жолақты болады

Көкшетау қаласы мен Зеренді туристік аймағын жалғайтын жол үш жолақты болады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Биыл мамандар жалпы ұзындығы 50 шақырымға жуық республикалық маңызы бар «Көкшетау – Зеренді» автожолын орташа жөндеу жұмыстарымен қамтуға кірісті. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарланған. Көлік министрі Марат Қарабаев жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

«Зеренді – біздің еліміздегі танымал туристік орындардың бірі. Тиісінше, жазғы маусымда аталған учаскеде қозғалыс күшейеді. Ел тұрғындары мен туристер үшін маңызды аталмыш жол 2025 жылы үш жолақты болады. Екі жолақ бір бағытта, ал қалған біреуі керісінше бағытта болмақ. Екі жолақтың қай бағытта пайдаланатындылығы туралы шешім жергілікті полициямен бірлесіп қабылданады. Аталған жолда реверсивті қозғалыс болады. Егер бұрын жолдың ені 7 метр болса, енді ол 11 метрге дейін жеткізілмек. Кеңейтілген жол көліктердің қозғалысы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді деп күтілуде. Сондай-ақ жолдағы өткізу қабілетін арттыруға және кептелістерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Нысанды пайдалануға бергеннен кейін мамандар жол қауіпсіздігі үшін қажетті элементтерін орнатады.

Қазір Зеренді ауылынан жолдың ортасына дейінгі 20 шақырымдық учаскеде (бұл екінші учаске) орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған учаскеде мамандар асфальттың екі қабатын төсеп, жол жиектерін нығайтуда. Сонымен қатар қалған сегментті (бірінші учаскені) жөндейтін мердігер ұйымды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button