Көкталда мерекелік аймақ ашылады
Есіл өзенінің жағасында өзеннің мұзында үлкен мұз айдыны ашылып, әртүрлі деңгейдегі 8 сырғанақ орнатылды. Аумақта биіктігі 8 метр шырша орнатылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Наз» театрының жанындағы алаң 3 метрлік мерекелік шырша мен тақырыптық фотоаймағы бар мәдени кеңістікке айналады.
Юбилейная көшесі, 22-де биіктігі 8 метр тірі шырша безендірілген.
«Агроқалашық» тұрғын алабында, Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысында көңілді уақыт өткізуге арналған сырғанақ, мұз айдыны және жарқын фотоаймақтар орналасқан.
Есіл ауданында төрт негізгі нүктеге мерекелік шыршалар орнатылады.
ЭКСПО аумағында 23 метрлік шырша пайда болады, мұз айдыны мен сырғанақтар ашылады, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандар аясында фотосуреттер түсіре алады. Қабанбай батыр даңғылының бойындағы дөңгелек алаңда мерекелік шырша орнатылады, сондай-ақ аумақта жаңа жылдық жарық безендіру жасалады. Ботаникалық бақта 23 метрлік шырша пайда болады, аумақ жарық дизайнымен безендіріледі.
«Бәйтерек» монументінің айналасында, «Нұр Жол» бульварында, Мәңгілік Ел даңғылында, желілік саябақта, «Ұлытау» сквері сияқты орындар шағын сәулет нысандары мен жаңа жылдық инсталляциялармен безендіріледі.
«Пригородный» тұрғын алабында 10 метрлік шырша шамы жағылады, мұз айдыны жұмыс істейді, аюлар мен жұлдыздар түріндегі шағын сәулеттік формалар пайда болады.