Қала мен Сала

Көкталдағы күрмеулі мәселе шешілді

Сарыарқа ауданының 12000 тұрғынының инфрақұрылымдық мәселесі өз шешімін табатын болды.

«5 жыл бойы «Көктал-2» тұрғын алабында су бұру (кәріз) желілерінде апат болса, жөндеу және қалпына келтіру бірнеше күнге созылатын. Осы уақыт ішінде массивтің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы күрт нашарлайтын. Бұл желілерге 2500 жеке үй және 16 тұрғын үй кешені қосылған. Дәлірек айтсақ, мәселе ауданның 12000 тұрғынын алаңдататын. Бұл өзекті мәселе өткен айда шешімін тапты» деді Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов.

Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта «Көктал-2» алабында су бұру желілеріне «Астана су арнасы» қызмет көрсетеді. Мекеме алдын алу шараларын қабылдап, апат болдырмау үшін күш салады. Әрине, апат қоқыс жиналып, құбыр­лардың кептелуінен немесе басқа жағдайлардан туындауы да мүмкін. Мұндай жағдайда мамандар дереу мәселенің себебін тауып, жұмыс жүргізбек. Дегенмен аудан бойынша коммуналдық қызметтердің балансына берілуі керек иесіз желілер жеткілікті. Бұл мәселе ауданның 40000-ға жуық тұрғыны үшін әлі де өзекті.

«Көктал-2» тұрғын алабының инфрақұрылымын дамыту 2012 жылы басталды. Дегенмен бүгінге дейін өз шешімін таппай келе жатқан мәселелер де аз емес.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button